
фото: ашық дереккөз
Ауғанстанның Құндыз қаласынан шыққан 13 жастағы жасөспірім Кам Эйр әуе компаниясының жолаушылар ұшағының шасси бөлігіне тығылып, Кабулдан Үндістан астанасы Делиге дейін ұшып барған , деп хабарлайды qandastar.kz
Бала шамамен 94 минут бойы әуеде –60°C суық пен оттегінің жетіспеушілігіне төтеп беріп, тірі қалған.
Ол әуежай аумағына жасырын кіріп, ұшақтың ұшу жолағында шассиге мініп үлгерген.
Ұшу кезінде ауыр жағдайда болғанына қарамастан, бала қонған соң аман қалған. Бала Делиге емес, Иранға бара жатырмын деп ойлаған.
Алайда баланы әуежайдағы қызметкерлер Ауғанстанға ұшырып жіберіпті.



