Жаңалықтар

Бас сүйегі сынған: Павлодарда әкесі үш жасар қызын өлтірді

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Павлодар облысында 3 жасар қыз бала ауыр жарақаттар салдарынан көз жұмды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады qandastar.kz.

20 қыркүйекте Тереңкөл аудандық ауруханасына бүлдіршін өте ауыр жағдайда жеткізілген. Дәрігерлер оның бас сүйегінің сынғанын, беті мен денесінде көптеген жарақаттар барын анықтады. Қолданылған реанимациялық шараларға қарамастан, қыз бала қайтыс болды.

Полиция дерегінше, қылмысқа күдікті ретінде әкесі ұсталып, сот шешімімен қамауға алынды. Қазір істің мән-жайы тергеліп жатыр.

Back to top button