Жаңалықтар

Тигран Кеосаян ұзақ уақыт комада жатып, көз жұмды

Фото:Russian presedential press service

Mash Telegram арнасының хабарлауынша, белгілі режиссер әрі тележүргізуші Тигран Кеосаян қайтыс болды. Ол биылғы жылдың қаңтарында клиникалық өлімге ұшырап, сол уақыттан бері ес-түссіз күйде жатқан болатын, деп жазды qandastar.kz

Кеосаянның жағдайы туралы жұбайы, журналист Маргарита Симоньян үнемі ақпарат беріп отырды. Ол 2024 жылдың желтоқсан айында ауруханаға жеткізілген. Бұған дейін, 2008 және 2010 жылдары жүрек талмасынан зардап шеккен режиссердің денсаулығы соңғы рет те жүрек дертіне байланысты нашарлаған. Дәл осы сырқаты оның комаға түсуіне себеп болған.

Back to top button