Жаңалықтар

Жұрт қыстан қауіптеніп отыр: Түркістанда төрт түлік жаппай қырыла бастады

Түркістан облысында соңғы 35 жылда болмаған қуаңшылық салдарынан төрт түлік мал жаппай қырылып жатыр. Жайылымда шөп шықпай қалғандықтан, шөп пен жем-шөптің бағасы бірнеше есе қымбаттап кеткен, деп хабарлайды qandastar.kz

Мал шығыны ең алдымен Созақ ауданында тіркелген. Жергілікті тұрғындар алдағы қыс тіпті ауыр болуы мүмкін деп алаңдаулы. Малын аман алып қалғысы келген шаруалар жем-шөпті өз қаражатына сатып алуға мәжбүр. Алайда олардың айтуынша, баға шарықтап, қалта көтермей тұр.

Көпшілік мұндай қуаңшылықтың осыған дейін тек 30 жылдан астам уақыт бұрын ғана болғанын айтады.

Ал жергілікті билік тұрғындарды сабыр сақтауға шақырып отыр. Созақ ауданы әкімінің орынбасары Серік Мамановтың айтуынша, жақын арада жем-шөпке қатысты жағдай біртіндеп реттелуі мүмкін.

Back to top button