Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Діни алауыздық тудырған: Әнші Рүстем Жүгінісов жауапқа тартылды

Фото: видеодан скриншот

Діни ұстанымдарымен көпке танымал болған әнші Рүстем Жүгінісов жауапқа тартылды. Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты оған діни алауыздық тудырғаны үшін 79 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Qandastar.kz

Белгілі болғандай, сотта әншінің айтқан екі пікірі қаралған.

2023 жылғы 31 желтоқсанда Жүгінісов TikTok-та «Жаңа жылды тойлау керек пе?» деген сұрақ қойып, «пайғамбар да, ата-бабаларымыз да бұл мейрамды тойламағанын» айтқан.

Екіншісі – Ақтөбедегі мешіт оқиғасы. Әнші әлеуметтік желіде тараған видеоны талқылап, онда ер адам «бір реттік неке» ұсынған қызды айыптап, әйелдердің мешітке тек әкесі не бауырының еріп баруымен келуін жөн көретінін айтқан.

Сараптама мұндай пікірлер қоғамда діни алауыздық туғызуы мүмкін деген баға берген.

Осыған байланысты Астанадағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әнші Рүстем Жүгінісовті Әкімшілік кодекстің 453-бабына сәйкес кінәлі деп танып, оған 78 640 теңге айыппұл салды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button