Жаңалықтар

5,6 млрд теңге: Қазақстандық банк ресейлік миллиардерге тиесілі қонақүйді сатпақ

Фото: halykzalog.kz

Жақында Halyk bank Банк Тула қаласында орналасқан қонақүйді 5,6 млрд теңгеге сатуды. жоспарлағаны белгілі болды. Сайтта жарияланған суреттерге қарағанда, әңгіме Azimut Park Hotel жайында болып отыр. Azimut Hotels қонақүй желісі миллиардер Александр Клячинге тиесілі.

Әзірге белгілісі, нысан Щёкин ауданында, Ясная Поляна орман шаруашылығы аумағында орналасқан.

Кешеннің жалпы ауданы – шамамен 8,3 мың шаршы метр. Тағы 2,1 мың шаршы метрге жуық аумақта аяқталмаған нысандар VIP-корпус пен SPA-орталық орналасқан. Қонақүй құрамында бес негізгі корпус, спорт алаңы, жаттығу залы, банкет және конференц-залдар, балалар бөлмелері, мейрамхана, лобби-бар және арқанды жол ойын-сауық паркі бар.

Қонақүй қорында 89 нөмір бар: стандарттан бастап апартаменттер мен люкстерге дейін, оның ішінде джакузимен жабдықталған үш нөмір.

Сату құны шетел валютасының айырбас бағамына байланысты соңғы баға рубльмен келісім сәтінде бекітілетіні көрсетілген. Сонымен қатар қонақүйді несиеге рәсімдеуге болады.

Back to top button