
Фото: Kairat4
«Реал Мадрид» футболшылары Алматыда «Қайратпен» өтетін матч алдындағы жаттығу кезінде қазақстандық ерекше бала Санжардың арманын орындады, деп хабарлайды qandastar.kz.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада испандық клуб жұлдыздарының Санжарды жан-жағынан қолдап, оған ерекше көңіл бөлгені көрсетілген.
Команданың бас бапкері Хаби Алонсо бастаған футболшылар жас жанкүйермен суретке түсіп, қолтаңбаларын берді. Сонымен қатар Санжарға Килиан Мбаппенің футболкасы сыйға тартылды.