Жаңалықтар

«Қайрат! Айырат!»: «КешYOU» тобы «Қайратқа» ерекше қолдау көрсетті

Фото: скрин

«КешYOU» тобы «Қайратқа» ерекше қолдау көрсетті, деп жазды  qandastar.kz

Отандық футбол клубтарына жанкүйерлік әртүрлі формада көрініс табуда. Мәселен, танымал продюсер Баян Мақсатқызы жетекшілік ететін «КешYOU» тобы «Қайрат! Айырат!» деп бейнебаян ұсынды.

Бейнежазбада қыздар «Қайраттың» клубтық түстері – сары мен көкке негізделген сәнді киім үлгісін киіп, стадион ішінде билеп жүріп, доппен түрлі қимылдар көрсетеді. Қыздар клуб рухын сезіндіретін ұрандарды айтып, жігерлендіретін көрініс ұсынады.

«Алдыңда жігіттер білесің «Қайратты»,
Көтерем бүгін мен көк, сары байрақты.
Алатаудан биік ұшқан,
Қырандар келеді шулатып аймақты».

Осылайша шоу-бизнес өкілдері де футбол мәдениетін дамытуға өз үлестерін қосып, жанкүйерлердің рухын көтеруге атсалысуда.

Back to top button