Жаңалықтар

Атырау: ҰҚК шекарашыларына маска киген адамдар шабуыл жасады

Фото:ҰҚК, Атырау, шекара

Атырау облысында шекарашыларға бетперде киген белгісіз адамдар шабуыл жасады, деп хабарлайды qandastar.kz.

Оқиға 28 қыркүйек күні сағат 14:00 шамасында Жайық өзенінің бойында болған. Қызметтік міндетін атқарып жүрген шекарашылар тыйым салынған ірі балық аулау құралын (ау) анықтаған сәтте, қамыс арасынан моторлы қайық шығып, шекара катеріне соқтыққан. Қайық ішінде бетперде киген төрт белгісіз адам болған. Шабуылдан кейін олар оқиға орнынан бой тасалаған.

Шабуыл салдарынан бір шекара қызметкері суға құлап кеткен. Қазір оның жағдайы туралы ақпарат нақтылануда. Құқық қорғау органдары шабуылдаған адамдарды анықтап, іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Шекара қызметі өңірде қауіпсіздік шараларын күшейткенін мәлімдеді.

Back to top button