Жаңалықтар

«Қайрат» Чемпиондар лигасында екі ойында жеңіліп, турнирлік кестенің соңында тұр

Фото: ашық дереккөз

Алматылық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде қатарынан екі жеңіліске ұшырап, турнирлік кестеде соңғы орынға түсті, деп хабарлайды qandastar.kz

Клуб сырт алаңда Португалияның «Спортинг» командасынан 1:4 есебімен ұтылса, өз алаңында Испанияның әйгілі «Реал Мадридіне» 0:5 есебімен есе жіберді.

Аталған екі ойында да жеңіліске ұшыраған «Қайраттың» еншісінде әзірге бірде-бір ұпай жоқ. Жалпы есепте салынған және жіберілген доп айырмасы -8 болып, қазақстандық команда турнир кестесінде 36-орынға орналасты.

Айта кетейік, Алматының Орталық стадионында өткен матчта мадридтік «Реал» алаң иелерін 5:0 есебімен тас-талқан етіп жеңген болатын. Кездесуден кейін «Реалдың» бас жаттықтырушысы Хаби Алонсо ойынға қатысты пікір білдіріп, Алматы қаласы өзіне ұнағанын және мұнда көбірек уақыт өткізгісі келетінін айтты.

 

Back to top button