Жаңалықтар

«Ұсқынсыз етті»: Қарағандыда бойжеткен хирургты сотқа берді

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қарағандыда 22 жастағы блогер Вера Тен сәтсіз жасалған отадан кейін пластикалық хирургты сотқа берді, деп хабарлайды qandastar.kz.

КТК арнасына берген сұхбатында алғашқы операциядан кейін күткен нәтижеге қол жеткізбеген. Одан кейінгі бірнеше отаның да пайдасы болмаған. Соның салдарынан омырауында асимметрия пайда болып, капсулалық контрактура диагнозы қойылған. Сондай-ақ шашы түсіп, ошақты алопеция дамығанын айтты.

«Жас әрі сұлу қыз едім, енді өз ақшама өзімді «ұсқынсыз» етті», – дейді блогер.

Алайда сот барысында істі хирургке емес, клиникаға қарсы қозғау керек екені анықталды. Дәрігердің адвокаты Арғын Ысқақбеков пациентке кінә артып отыр.

«Барлық төрт ота оның өтінішімен жасалды. Медициналық асқынулар дәлелденген жоқ. Мәселе пациенттің нұсқауларды орындамауынан болуы мүмкін», – деді ол.

Енді соңғы қорытындыны тәуелсіз сарапшылар шығарады. Сонымен қатар блогер медициналық қызметтердің сапасын бақылау комитетіне де шағымданған.

Back to top button