
Фото: әлеуметтік желі
Атышулы блогер Айжан Байзақова Instagram парақшасында үшінші рет ана атанатынын хабарлады, деп жазады qandastar.kz.
Оның айтуынша, маусым айында Мальдивтен келген соң жүктілігін білген. Алғашқы айлары ауыр өтіп, қатты токсикоз болып, түсік қаупі туындағандықтан екі апта ауруханада жатуға тура келгенін жазды.
«Ұшулар мен іс-шаралардан бас тарттым. Тек жылаумен болдым, ал Нұрбек қасымнан табылып, қолдау көрсетті. Біз әйелдер мықтымыз. Ішіміздегі баланы уайымдағанда өзімізді ұмытып кетеміз», – деді блогер.
Қазір жүктіліктің 20 аптасы. Айжан сенбі күні гендер-пати өткізетінін айтып, босанатын жерін әлі таңдамағанын жеткізді.