Жаңалықтар

Мақпал Жүнісова өзіне пародия жасаған әзілкешке ренжіді

Фото: Әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде әнші Мақпал Жүнісова өзін пародиялаған әзілкеш Қайрат Әділгерейге ашуланған сәті желіде тарады, деп хабарлайды qandastar.kz.

Видеода актер әншінің дауысын және күлкісін салып көрсеткен. Алайда Жүнісова бұған қарсы пікірін білдірді:

«Сала алмаған соң ештеңені салмау керек. Салған соң дұрыстап салу керек! Мен сияқты күле алмайсың ба, мүлдем күлме», – деді ол.

Желі қолданушылары әншінің жауабын қолдап, түрлі пікір жазды. «Мақпал дұрыс айтады», «Сайқымазаққа орнымен жауап берді», «Жырбыңдап еді, сауап болды Қайратқа», «Қайраттың кей қылықтары ерсі» деп жазды олар.

 

 

Back to top button