Жаңалықтар

Ақорданың журналисі мен Нұрлан Қоянбаев «текетіресіп» қалды

Фото: ашық дереккөз

 Журналист Әділ Балтабаев пен танымал продюсер, актер Нұрлан Қоянбаев арасында әлеуметтік желіде орын алған пікір алмасу қоғам назарын аудартты. Даудың басталуына Балтабаевтың Threads платформасындағы жазбасы түрткі болған, деп жазады qandastar.kz

Бәрі екі күн бұрын басталған. Әділ Балтабаев футболдан «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы кездесуге қатысты өз ойымен бөлісіп, қазақстандық клубқа қолдау көрсету қажеттігін жазған болатын. Жазба барысында ол Нұрлан Қоянбаевтың бұған дейін айтқан ирониялық пікірін еске салған.

Қоянбаев сол тұста «Қайрат» ойыншыларына: «Ертең Луи Виттон сөмкелерімен келіңдер, ескі болсын, «женский» болсын…»  деп әзілдеген еді.

Алайда Балтабаевтың жазбасындағы Қоянбаевқа қатысты тұсы продюсердің ашуын тудырған. Ол жауап ретінде әлеуметтік желіде:

«Балтабаев Президенттің жанында жүріп құтырып кетіпсіз ғой. Қоянбаев емес, хотя бы Нұрлан Қоянбаев деп жазбайсыз ба? Патриот болсаңыз қазақша жазып жібермедіңіз бе?» — деп жазды.

Бұл пікірталас көпшіліктің назарын аударып, қолданушылар арасында екіұдай пікір тудырды. Кейбірі Балтабаевтың кәсіби шеңберден шығып кеткенін айтса, енді бірі оны еркін пікір білдіре алатын журналист ретінде қолдады. Тіпті кей қолданушылар оны Мәди Ахметпен салыстырып, сыни көзқарастарын білдірді.

Желіде қызу талқыланып жатқан бұл жайт әзірге қос тараптың ашық мәмілеге келмегенін көрсетіп отыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button