
Кейінгі жылдары Назарбаевтар әулетіне тиесілі заңсыз активтерді елге қайтару қарқын алды. Жақында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің тексерісі нәтижесінде 1 гектардан асатын бір учаскенің Болат Назарбаевтың атына заңсыз рәсімделгені анықталған, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Жалпы құзырлы орғанда мемлекеткен тиісті учаскелерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысын жалғасып жатыр. Қазір Қапшағай мен Іле өзенінің бойындағы заңсыз берілген жер телімдері біртіндеп мемлекет меншігіне қайтарылуда. Бұл үшін арнайы тексеріс жүргізілген.
Тексеру барысында су қорғау аймағында орналасқан бірнеше учаскенің заңсыз рәсімделгені анықталған. Аталған жерлердің кейбірі жоғары лауазымды шенеуніктердің, экс-президенттің туыстары мен ірі бизнесмендердің атына тіркелген.
Заңсыз жер бөлу науқаны 2000 жылдардың басында басталған. Сол кезде қала әкімдігі «демалыс орындарын салу үшін» гектарлап жер үлестірген. Кейін бұл учаскелер бірнеше рет сатылып, ықпалды тұлғалардың иелігіне өткен.
Мәселе депутат Бақытжан Базарбектің депутаттық сауалынан кейін көтерілді. Ол өз сөзінде жер телімдерінің көбі ресми құжаттармен рәсімделгенімен, олардың су қорғау аймағында жатқанын атап өткен.



