
Фото: ашық дереккөз
Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында отбасылық өміріндегі күрделі кезеңдерді еске алды, деп жазады qandastar.kz
Оның айтуынша, 2023 жылы Таиландта түсірілген «Хотя бы в кино» фильмі бәрін өзгерткен. Сол кезде Дариға түсірілімге аттанса, Дархан шетелге жұмыс бабымен кеткен. Жолдары екіге айырылған сәт те сол кезден басталғандай.
«Фильмнен кейін Дариғаның мінезі өзгеріп шыға келді. Олжас туралы жиі айта бастады. «Керемет адам екен, көмектесейік, емдетейік» деп ерекше ықылас танытты. Сол сәтте бірдеңе барын ішім сезді. Бірақ сыр білдірмедім», – дейді Дархан Мұсаев.
Кейін олар «Таптым-ау сені» фильмін түсіруге кіріседі. Бірақ түсірілім алаңындағы жағдай бұрынғыдан да түсініксіз бола түскен.
«Аралары жақындай түскенін байқадым. Бір күні Дариғадан: “Көңілің ауып қалған жоқ па?” деп сұрадым. Ол: “Жоқ, мен ондай адам емеспін” деп жауап берді. Бірақ түсірілім кезінде Олжас менен қашқақтап жүрді», – дейді ол.
Дархан Мұсаев бұл жағдайдың екеуінің қарым-қатынасына қалай әсер еткенін ашып айтпады. Дегенмен, кейіннен олардың жолы екіге айырылғаны белгілі.