
Фото: әлеуметтік желіден
Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы — Олжас Еспанов өз өміріндегі қиын жағдай туралы айтты. Ол әлеуметтік желіде 45 миллион теңге қарызға кіріп, соңғы екі жыл бойы несиемен әуре болып жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz
Айтуынша, ол алаяқтардың арбауына түсіп қалған.
«45 млн теңге кредитім бар. Екі жыл болды осы қарызбен күресіп жүрмін. Адамның өмірі идеалды болмайды, әркімнің өз сынағы бар. Мен де бір сәтте мүңайып, түңіліп болдым. Бұл жағдай мен үшін үлкен сабақ болды», — деді Олжас Еспанов.
Ол сондай-ақ мемлекеттік органдар мен банк қызметкерлерінің мәселеге немқұрайлы қарайтынын айтып, жүйедегі бюрократияға наразылығын білдірді.
«Бармаған жерім, баспаған тауым қалмады. Өкіметтік органдар ештеңе шешкісі келмейді. Банктегілер бар болғаны “жоқ көліктің несиесін төле” дейді. Тұтас бір сериал сияқты жағдай», — деп жазды ол.
Еспанов бұл қиындықты өмірлік сынақ деп қабылдап, жағдайды реттеуге тырысып жүргенін жеткізді.