Жаңалықтар

«Бөліп-жармай, бәріне бірдей қараңыздар»: «Қайрат» бапкері кәсіпкерлерге үн қатты

Фото: bbc.com

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин баспасөз мәслихатында соңғы күндері футболшыларға қымбат сыйлық тарату мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлады qandastar.kz.

Маманның айтуынша, спорт – командалық ойын, сондықтан бір немесе екі ойыншыны ерекше бөліп көрсету дұрыс емес.

«Кәсіпкерлерге тыйым сала алмаймыз, бірақ командалық рух деген бар. Егер шынымен көмектескің келсе, клубқа немесе бүкіл командаға көмектес. Біреуіне ғана сыйлық беру әділетсіз деп ойлаймын», – деді ол.

Бапкердің сөзінше, «Қайраттың» ішкі саясаты да ұжымдық еңбекті бағалауға бағытталған.

«Кімнің қандай ниетпен сыйлық беретініне баға бермеймін, бірақ бізде басты қағида – бірлік пен теңдік», – деп түйіндеді Уразбахтин.

Back to top button