Жаңалықтар

Сүт нарығы: Қазақстан йогуртты Кипрден, ал сары майды Иран мен Пәкістаннан сатып алуда

Фото: ulysmedia.kz

2025 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстан шет елдерден 107,1 мың тонна сүт және сүт өнімдерін (жалпы құны – 273,6 млн доллар) импорттады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға ғана жоғары. Алайда, елге жеткізілетін өнімдердің құрылымы мен жеткізуші елдердің рөлі айтарлықтай өзгеріп келеді, деп жазды qandastar.kz

Сары май импорты қарқынды өсті

Қазақстан сары майды биыл былтырғыдан 27,2%-ға көп4,4 мың тонна көлемінде сатып алды.

Негізгі жеткізушілер:

  • Иран – 1,6 мың тонна (өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есе артық);
  • Беларусь – 976,6 тонна (+16,3%);
  • Қырғызстан – 518 тонна (+13%);
  • Украина – 374,5 тонна (3,7 есе өсім).

Керісінше, Ресей (450 тонна, -6,8%) және Франция (486 тонна, -16,2%) секілді елдерден импорт азайған.

Йогурт, айран, қаймақ импорты

Осы санаттағы өнімдердің импорты 16,6%-ға өсіп, 30,8 мың тоннаға жетті.

Жеткізуші елдер қатарында:
Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Кипр.

Сүт сарысуы

Импорт 18%-ға артып, 7 мың тоннаға жетті. Бұл өнім нан, тағам және дәрі-дәрмек өндірісінде пайдаланылады.

Негізгі өсім:

  • Беларусь – 2,2 есе көбейген;
  • Италия – 1,7 есе.

Құрғақ сүт импорты азайып келеді

Бұл санатта 1,4%-ға төмендеу байқалды – 21 мың тонна.

Импорт азайған елдер:

  • Ресей – 8,2 мың тонна (-20,2%);
  • Қырғызстан – 586,6 тонна (-3,4 есе);
  • Франция – 216 тонна (-2,5 есе).

Алайда өсім байқалғандар:

  • Иран7 есе өсіп, 1 мың тоннаға жетті;
  • Уругвай3 есе артты (375 тонна);
  • Беларусь+31,6% (10,5 мың тонна).

Сыр мен сүзбе импорты төмендеді

2025 жылы сыр мен сүзбе импорты 8,3%-ға азайып, 24,6 мың тонна болды.

Импорт төмендеген елдер:

  • Ресей – 10,8 мың тонна (-3,7%);
  • Беларусь – 7,8 мың тонна (-7,5%);
  • Литва – 1,2 мың тонна (-3%);
  • Германия – 132 тонна (-30%).

Алайда кей елдерден өсім бар:

  • Иран – 1,7 мың тонна (+11,8%);
  • Украина – 1,9 мың тонна (+10,8%);
  • Финляндия – 75,5 тонна (+7,7%).

Сүт пен кілегей импорты да қысқарды

Бұл өнімдер бойынша да импорт 9,2%-ға азайып, 19,1 мың тоннаға дейін төмендеген.

Дегенмен Ираннан келетін көлем екі есе артып, 1,9 мың тоннаға жетті.

Қазақстанның сүт өнімдері импорты жалпы тұрақты болғанымен, Иран мен Беларусь нарықтағы өз үлесін айтарлықтай арттырып отыр. Бұл елдер кейбір дәстүрлі серіктестерді (мысалы, Ресей мен Францияны) шетке ығыстырып жатқанын көруге болады.

Импорт құрылымындағы бұл өзгерістер ел ішіндегі сүт өнімдері өндірісінің бәсекелестікке бейімделуін және ішкі нарықты қорғау саясатының маңыздылығын көрсетеді.

 

Back to top button