Әлеумет және қоғам

Қазақстанда жүктілікке дайындыққа 5,1 млрд теңге бөлінді

Фото: pixabay

Денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет «Аналар саулығы» бағдарламасы аясында жүктілікке дайындыққа 5,1 млрд теңге бөлді, деп жазды qandastar.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың хабарлауынша, биыл алғаш рет әйелдерді тегін зерттеп, қажет болған жағдайда емдеуге бағытталған жүктілікке дайындыққа 5 миллиардтан астам қаржы қаралды. Бұл қаржыға әйелдер жүктілікке дайындалу үшін 12 тегін зерттеуден өтеді және қажет болса, сауықтыру шаралары жүргізіледі.

Сонымен қатар, министрлік емханаларда «Әйелдер консультациясы» бөлімшелерін қайта ашып, шалғай өңірлерден келген және қауіпті топқа жататын жүкті әйелдерді бақылауға алу үшін «Салауатты Ана» пансионаттарын іске қосты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button