Жаңалықтар

Қазақстанда теледидар мен радио хабар тарату уақытша тоқтатылады

Қазақстанда теледидар мен радио хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Qandastar.kz

“Қазтелерадио” АҚ мәліметінше, өшіру жұмыстары 16 қазан күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жоспарланған.

Компанияның түсіндіруінше, бұл уақытта биылғы жылдың төртінші тоқсанына арналған жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында қызметтер уақытша тоқтатылады.

“Жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстан аумағы бойынша теле- және радиоканалдардың қайта таратуы уақытша тоқтатылады”, – делінген хабарламада.

“Қазтелерадио” атап өткендей, бұл шаралар телерадиохабар таратудың сапасын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button