Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлының айтуынша, Ішкі істер министрлігіне қарасты түрлі қызметтердегі, әсіресе жедел-тергеу құрылымдары мен әкімшілік полиция арасындағы жалақы теңсіздігі жойылады, деп жазды qandastar.kz
«Бүгінде бұл құрылымдар арасында жалақыда елеулі айырмашылық бар. Алайда, Үкімет жаңа еңбекақы төлеу жүйесін енгізу бойынша ауқымды жұмыс бастады. Жүйе екі кезеңмен іске асады. Оның аясында әкімшілік полицейлердің жалақысы артып, міндетті үстемақылар есебінен айырмашылық азаяды», – деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.
Жаңа жүйе алдағы екі жылда толық енгізілмек.
«2025 жылы осы мақсатқа 165 млрд теңге, ал 2026 жылы 154 млрд теңге бөлінеді. Бұл – жалақыдағы теңгерімсіздікті жоюға бағытталған нақты қадам», – деп атап өтті вице-министр.



