Жаңалықтар

Президент Үкіметке нақты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновке ағымдағы аптаның соңына дейін экономикалық реформалар бағдарламасын жүзеге асыру тетіктерін пысықтап, нақты шаралар пакетін әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады qandastar.kz

Президент Үкіметке шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық климатты жақсарту және экономиканы тұрақтандыру бағытында қажетті түзетулер енгізіп, пәрменді шешімдер қабылдау міндетін жүктеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Үкімет жүргізіп отырған экономикалық саясат Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне сай келеді және ол жаһандық экономикалық жағдай мен қазіргі нарықтық үрдістерді ескере отырып құрылуы тиіс.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button