Жаңалықтар

Жансая Әбдімәлік шахматты біржола тастады ма?

Халықаралық гроссмейстер, Қазақстанның танымал шахматшысы Жансая Әбдімәлік шахматтан алшақтап, қазіргі өміріндегі басымдықтар туралы ойын білдірді, деп жазды qandastar.kz

Instagram парақшасында ол шахматтың өміріндегі орны ерекше екенін атап өтті, алайда қазіргі таңда отбасы мен жеке өміріне көбірек көңіл бөліп жүргенін жеткізді.

“Шахмат менің өмірімнің бір бөлігі болып қала береді. Бірақ қазір мен басқа маңызды кезеңде — отбасыммен, аналық жолымен және ішкі тепе-теңдігімді қалпына келтірумен айналысып жүрмін.
Егер бір күні қайта оралғым келсе — ораламын. Ал егер оралғым келмесе, онда мен өзімді басқа да маңызды істерге арнаймын”, — деп жазды спортшы.

Еске сала кетейік, Жансая Әбдімәлік 2023 жылдың сәуір айында тұрмысқа шыққан болатын. Оның жары — «Қазақмыс» басқармасының төрағасы Нұрахмет Нұриев.

Айта кету керек, Жансая — әйелдер арасындағы Гран-при кезеңінде жеңіске жеткен тұңғыш қазақстандық шахматшы. Ол бұл жетістікке 2021 жылы Гибралтарда өткен турнирде қол жеткізген.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button