Жуырда Foxbusiness.com порталы қытайлық EHang Holdings компаниясының ұшатын көлік жасап шыққанын жазды, деп хабарлайды Qandastar.kz. Компания бір қуатпен 100 мильден (160 км) астам қашықтықты ұша алатын жолаушыларға арналған ұшатын такси – VT35 моделін таныстырған.
Белгілісі, компания таныстырылымы Аньхой провинциясының Хэфэй қаласында ұйымдастырылған. Бұл такси тік ұшып-қона алатын электрлі ұшақтардың (eVTOL) ұзақ қашықтыққа арналған жаңа түрі.
«Бұл құрылғы қалалар арасындағы әуе қатынасын қауіпсіз, ыңғайлы және тиімді көлік құралына айналдыру үшін жасалды», – делінген компанияныңбаспасөз хабарламасында.
VT35 – екі адамға арналған автономды басқарылатын ұшатын аппарат. Оның ерекшеліктері:
- – Электрлі қозғалтқыш пен автономды басқару жүйесі бар;
- – Тік ұшып-қона алады – яғни шатырлар, автотұрақтар немесе басқа да шағын алаңдарға қонуға мүмкіндік береді;
- – Іші кең әрі жайлы, терімен қапталған салон және сенсорлы экран орнатылған. Бұл панель әрі мультимедиа орталығы ретінде қызмет етеді.



