Жаңалықтар

Қостанайда 15 жастағы жасөспірім 2,5 миллион теңгені алып, жаңа өмір бастау үшін үйінен кетіп қалған

Қостанайлық жасөспірім ата-анасы мен мектептегі қиындықтардан шаршап, үйден қашып кеткен. Ол өзімен бірге 2,5 миллион теңге алып, басқа өмір бастауға бел буған, деп жазды qandastar.kz

Жасөспірім түнгі сағат 3-тер шамасында Екатеринбург – Алматы тас жолының 1127-шақырымында патрульдік полиция қызметкерлерінің көзіне түскен. Changan маркалы көлікті тексеру кезінде олар бағыттамаға сәйкес келетін баланы анықтады.

«Бала шаршаған күйде болды, бірақ байсалды көрінді. Оның бұл әрекеті эмоцияға беріліп, күйзелістен туғаны байқалды», – деді жол-патруль қызметінің бір инспекторы.

Полиция баланың ата-анасына және Қостанай облыстық ішкі істер департаментіне дереу хабар берген.

Құқық қорғау органдары тек жасөспірімді аман-есен үйіне қайтаруды ғана емес, оны осындай қадамға не итермелегенін анықтауды да басты мақсат етіп отырғанын мәлімдеді.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button