Жаңалықтар

«Спортты бедел жинау құралына айналдырған шенеуніктер бар»: Президент спорт федерацияларына шүйлікті

Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласындағы шенеуніктер мен бизнес өкілдерінің әрекетіне сын айтты. Мемлекет басшысы кейбір лауазым иелерінің спортты жеке бедел жинау құралына айналдырып, спортшылардың жетістігін өз жеңісі сияқты көрсететінін ашық айтты, деп жазады qandastar.kz

«Кейбіреулер спортшылардың табысын өз абыройына балап жүр. Бұл – дұрыс емес. Мұндай теріс үрдіске тосқауыл қою керек», – деді Президент.

Президенттің пікірінше, көптеген федерация басшылары тек мемлекет қаржысына қарап отыр, ал шын мәнінде спортты қолдау – азаматтық жауапкершілік болуы тиіс.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button