Қаржы және төлемдер

Алматыда тегін қоғамдық көлік болуы мүмкін бе? Кәсіпкер пікір білдірді

Алматы қаласында биыл қоғамдық көлік саласына қомақты қаржы бөлінгенімен, бұл қаражаттың  тиімділігіне қатысты қоғамда сұрақтар туындап отыр. Кәсіпкер Максим Барышевтың айтуынша, бөлінген сома дұрыс басқарылса, қала тұрғындарына қоғамдық көлікті тегін пайдалануға мүмкіндік жасауға болар еді, деп хабарлайды qandastar.kz

Оның мәліметінше, 2025 жылы мегаполистегі автобус парктерін субсидиялау үшін бюджеттен 100 миллиард теңге бөлінген. Бұл әр алматылыққа шаққанда 50 мың теңгеден айналады. Кәсіпкердің есептеуінше, осындай көлемдегі қаржы қаладағы барша тұрғынды ақысыз тасымалдауға жеткілікті.

«Қалалық автобустардың қызметіне қатысты шығындар белгілі – жүргізушілердің жалақысы, техникалық қызмет көрсету мен жанармай шығыны. Бір автобусқа ай сайын шамамен 3 миллион теңге керек. Осыны негізге ала отырып есептесек, барлық тұрғын үшін жолақыны тегін етуге шамамен 90 миллиард теңге жетер еді», – деді Максим Барышев.

Ол бұл саланы субсидиялаудағы басты мәселе – қаржының ашықтығы мен тиімділігінде екенін атап өтті. Сондықтан, кәсіпкер қоғам тарапынан қатаң бақылау механизмдерін енгізу қажет деп есептейді.

Айта кетейік, бұған дейін сарапшы Олжас Байділдинов қаладағы жолаушы тасымалымен айналысатын компаниялардың өзін-өзі ақтай алмай отырғанын айтып, билет құнын 500 теңгеге дейін көтеру керек деген ұсыныс жасаған болатын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button