Шоу бизнес

Мьянмада «Голос» шоуының қатысушысын құлдықта ұстап, кейін оның ағзасын сатқан

Беларусьтің бұрынғы «Голос» шоуының қатысушысы Мьянмада құлдыққа түсіп, кейін оның ағзалары сатылғаны хабарланды, деп  qandastar.kz Shot Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Минск тұрғыны жарнама арқылы Таиландқа модель ретінде жұмыс істеуге кеткен. Алайда Бангкокта оны Мьянмаға алып барып, алаяқтықпен айналысатын колл-орталықта жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Біраз уақыттан кейін қызбен байланыс үзілді.

Уақыт өте келе оның туыстарына белгісіз адамдар хабарласып, қыздың ағзалары сатылып, денесі өртелгені туралы айтқан.

Беларусь Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты түсінік беріп, іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Қазіргі таңда Вьетнамдағы Беларусь елшілігі жоғалған азаматшаны іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Анасының айтуынша, байланыс 4 қазанда үзіліп қалған», – делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Беларусь пен Мьянма сыртқы істер және құқық қорғау органдары, сондай-ақ елдің Янгон мен Бангкоктағы құрметті консулдықтары іздеу жұмыстарына белсенді қатысуда.

 

Back to top button