Әлеумет және қоғам

Актриса: Келін мен ененің бірге тұруы қате

“Шаншар» театрының актрисасы Күннұр Қалмырзаева келін мен ененің бір шаңырақ астында тұруын дұрыс емес деп есептейді. Бұл туралы ол “Қайықта” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды qandastar.kz

Актрисаның айтуынша, қазіргі жастардың ой-санасы кең, ақпаратқа қолжетімді. Сондықтан олар өз қалауларымен өмір сүргісі келеді, ал ене тарапынан болатын бақылау мен міндет жүктеу отбасылық қарым-қатынасқа кері әсер етуі мүмкін.

“Қыз да, ұл да – бәрі білімді, көздері ашық. Келінің өз өмірін өзі құрғысы келеді. Бірақ сені сыйлағандықтан қарсы келмейді. Сондықтан мен замандастарыма: ‘Келін мен баланы өз алдына жіберіңдер, өмір сүрсін. Қартайғанда, бәрібір өздері қайтып келеді’ – деп кеңес беремін,” – деді Қалмырзаева.

Оның айтуынша, бұрынғы заманның көп бірге тұру дәстүрі күнкөріске байланысты болса, қазір жағдай өзгерген.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button