
Танымал актриса әрі әнші Салтанат Бақаева жуырда салмақ тастауына не себеп болғанын ашық айтты, деп хабарлайды qandastar.kz
Өнер иесі тісіне жасалған отадан кейін бірнеше күн бойы мүлде тамақ ішпегенін жеткізді. Оның айтуынша, бұл жағдай денсаулығына байланысты орын алғанымен, күтпеген нәтижеге — арықтауға әкеліпті.
– Көпшіліктің «қалай аздың?» деген сұрағына жауап берейін деп шештім. Жақында тісіме ота жасалып, жараны лескамен тіккен болатын. Лесканың үшкір ұштары ауыз қуысының нәзік терісін жарақаттап, қатты ауыртты. Соның салдарынан жарты ауызымда стоматит пайда болып, шамамен он күндей тамақ іше алмадым. Сол уақытта еріксіз арықтап қалдым. Қыз-келіншектерге айтарым – азудың ең тиімді жолы тамақ ішпеу екен, – деп әзіл аралас ойымен бөлісті актриса.



