
Журналист және қоғам белсендісі Жалғас Ертай қазақ тіліне қарсы пікір білдірушілерге қатысты өз ұстанымын ашық білдіріп, мемлекеттің тіл саясатына байланысты көзқарасын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz
Жалғас Ертай өз жазбасында қазақ тіліне қарсы сөз айтатындарға төзімді болудан жалыққанын айтып, тіл саясатына қатысты нақты ұсыныстарын ортаға салды:
«Қазақ тіліне қарсы орысша сөйлейтіндерге төзімді болудан шаршадым. Енді өз пікірімді ашық айтамын:
– Орыс тілін Конституциядан алып тастау қажет;
– Мемлекеттік тілді меңгермегендерге мемлекеттік қызметте орын жоқ;
– Бүкіл мемлекеттік аппарат қазақ тіліне көшуі тиіс;
– Барлық мемлекеттік мектептер тек қазақ тілінде білім беруі керек.
Қазақ тіліне қатысты түйткілдердің шешімі – оның мемлекеттік мәртебесін нақтылап, толық іске асыруда», – деді ол.



