
АҚШ-тың ондаған қаласында «No Kings» («Патшаларға жол жоқ») ұранымен жаппай наразылық акциялары ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ел бойынша 2,6 мыңнан астам шара өтіп, миллиондаған адам қатысқан, деп хабарлайды qandastar.kz
Наразылық білдірушілер Дональд Трамптың билік жүргізу тәсілін «авторитарлық» деп сынап, саяси қарсыластарға қысым көрсетуі мен қатаң миграциялық саясатына қарсы шықты. Сондай-ақ, қалаларға Ұлттық гвардияны енгізу шешімі де қоғам наразылығын күшейткен.
Трамп өз әрекеттерін «қылмыспен күрес және ел қауіпсіздігін қорғау шарасы» деп түсіндірген.