Жаңалықтар

Қаскелеңде 21 жастағы қызды жігіті өлтірген

Алматы облысының Қаскелең қаласында 21 жастағы қыздың өліміне байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды qandastar.kz

Полиция мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен 20 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Күдікті өз кінәсін мойындаған.

«Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары барысында жасалған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы азамат анықталып, ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді», — делінген Алматы облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Қазір аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін, 16 қазанда, 19 жастағы «Хан-Тәңірі» футбол клубының шабуылшысы Диас Төлеу ойын барысында көз жұмған еді.

Back to top button