Жаңалықтар

Израиль тағы да Газаға соққы жасады

Израиль армиясы бейбіт келісім күшіне енгеннен кейін Рафахтағы (Газа қаласы) ХАМАС нысандарына соққылар жасады, деп хабарлайды Qandastar.kz

The Jerusalem Post басылымының дерегінше, соққылар ХАМАС жауынгерлері ЦАХАЛға қарсы танкке қарсы зеңбірек оқын атқаннан кейін жүзеге асырылған. Сонымен қатар басылым Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың қорғаныс министрі Исраэль Кац және ЦАХАЛ бас штабының бастығы генерал-лейтенант Эйал Замирмен кездесіп, «ХАМАС-тың атысты тоқтату режимін бұзғаны жөніндегі» шағын оқиғаларға қандай жауап қайтару керегін талқылайтынын жазады.

Израиль қорғаныс күштері әзірше бұл ақпаратты анық растаған жоқ.

Алайда мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир жекелеген жарияланымдарында қарулы қимылды қайта бастауға шақырды.

Премьер-министрге Израиль қорғаныс күштеріне Газадағы қарулы әрекеттерді толық көлемде қайта бастау туралы бұйрық беруді сұраймын. Бұл нацистік террористік ұйым толық жойылуға тиіс және мүмкіндігінше тезірек болғаны абзал, —  деп жазды Бен-Гвир.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button