Қостанай облысында ауыл әкімінің мас күйінде көлік жүргізіп, мемлекеттік мүлікті заңсыз пайдалану фактілері бойынша тергеліп жатқаны хабарланды, деп жазды qandastar.kz
Михайлов ауылдық округінің әкімі Марина Джафарова қызметтік автокөлікті мас күйінде басқарғаны және әкімдік ғимаратында косметикалық кабинет ашуға рұқсат бергені үшін тергеуге іліккен.
«Время» басылымының мәліметінше, әкімдік ішіндегі косметикалық кабинет тұрғындармен ауызша келісім негізінде, ешқандай конкурс немесе ресми құжатсыз ашылған.
Кейін Джафарова мас күйінде әкімдікке тиесілі көлікті басқарғаны үшін ұсталып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Этика кеңесі оның әрекетін биліктің беделіне нұқсан келтіретін қылық деп бағалап, қызметінен босатуды ұсынды. Қазіргі таңда бұл ұсыныс тиісті тәртіптік кеңесте қаралуда.



