Алдағы уақытта елдегі футбол клубтарының қатары азаюы ықтимал, деп хабарлайды Qandastar.kz. Бұл туралы тілші әрі комментатор Олжас Байбосын айтты. Ол YouTube желісіндегі Fonteam арнасында төрт футбол клубының таратылуы туралы cөз сөйлеген.
Олжас Байбосынның айтуынша, Түркістан облысының әкімі Арыс, Мақтаарал, Түркістан және Жетісай деген төрт клубты жабу туралы қаулыны бекітті.
«Ол енді бірінші лигада түркістандық футболшылармен ойнайтын «Тұран» ғана қалады деді. Мен қазір қаулымен танысып жатырмын, қаражат тек жасөспірімдер футболына бөлінеді, бұл сома 50 миллион теңгеден аспауы керек», – деді Байбосын.
Басылым ҚПЛ-ның биылғы маусымның қорытындысы бойынша түркістандық «Тұранның» 16 ұпай жинағанын және премьер-лигаға жалғыз үміткер екенін атап өтті.



