Жақында блогер Салтанат Аманқосова әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова лотерея арқылы тікелей көлік ұтыс ойынын өткізген еді. Кейін әлеуметтік желі қолдаунышылары ойынның әділ өтпегенін айтып, желіге бейнежазба таратты, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Алайда желі қолданушылары ұтыс ойынының әділ өтпегеніне күмәнданады.
“Баланың қолындағы қағазды алмай, басқа қағазды алды”, “Ешкім танымайтын адамға көлік сыйламайды”, “Фаризаның баласындағы қағазды неге алмады?!”, “Ақшаны қайдан тауып жатыр”, “Бүкіл Қазақстан қатысты, бірақ ақтаулық келіншек ұтты. Демек танысы шығар”, “Жанабыловтер сияқты толық тексерсін”– деп жазды көпшілік.
Блогер айыптаулардың бәріне жауап берді.
“Бес баласы бар келіншекке бұйырды. Жергөктің ақшасын қолма-қол төлей калмай, бөліп төлеуге алыпты. Бәрі әділ өтті. Ибраһимнің қолындағы қағазды алғаным рас. Ешкімнің ақысына кірмейміз”, – деп жауап қатты блогер.



