Қаржы және төлемдер

АӘК қанша адамға көмек болды?

1 қазанға дейін 274 мыңнан астам қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады qandastar.kz

Атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) негізгі мақсаты — қиын жағдайға тап болған отбасыларға қаржылай қолдау көрсету және олардың еңбекке жарамды мүшелерін жұмысқа орналастыру арқылы жағдайын жақсартуға көмектесу.

АӘК келесі бағыттарды қамтиды:

  • Табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға әр тоқсан сайын әлеуметтік көмек беру;
  • Табысы төмен отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде қосымша төлем жасау. 1 қазанға дейін осындай жастағы 84,6 мың балаға жалпы 3,2 млрд теңге көлемінде қосымша көмек тағайындалған;
  • Аз қамтылған отбасылардың мүшелерін жұмысқа орналастыруға, кәсіп бастау үшін грант беруге, қажет жағдайда қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарына жіберу арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Айта кетейік, АӘК алу үшін өтінішті азаматтар тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталықтарында, ауылдық округ әкімдеріне барып немесе электронды түрде egov.kz порталы арқылы бере алады.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button