Бұрын ажырасқаны жайлы көп айтылған актер Нұрсұлтан Жақсыген әлеуметтік желідегі бір оқырманына ренжігені белгілі болды, деп жазады qandastar.kz
Желі қолданушысы актердің бұрынғы жары Фариза туралы жағымсыз пікірлер жазғанын айтып, оған: «Сенің де ішкі жан дүниең лас, қалқам» деген жауап жазғанын жеткізді. Кейін таңертең өзіне қарсы жаман сөздер жазылғанын байқапты.
Ал Нұрсұлтан Жақсыген «Сен малға ұқсайсың, сойып тастау керек» деген сипатта оғаш сөздер айтқан.
Бұл жағдай желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, актердің үстінен шағым түсуі тиіс деген пікірлер айтылуда.



