Білім

Депутат: Мұғалім жылап, оқушыға орын жетпей жатқан тұста қаржы далаға кетіп жатыр

Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау білім саласына бөлінетін қаржының қысқаруына наразылығын білдірді. Ол Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен Премьер-Министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке қатты сауал жолдады, деп хабарлайды qandastar.kz

Депутаттың айтуынша, мектептерде мұғалімдер көзіне жас алып, балаларға сыныпта орын жетпей жатқан кезде бюджеттің үлкен бөлігі “аналитикалық және консалтингтік қызметтерге” жұмсалуда.

«Мұғалімдер жылап жүр, балаларға орын жоқ, ал миллиондаған теңге қайда жұмсалып жатыр?» – деді Нұргүл Тау.

Ол білім сапасы мен қаржыландыру арасындағы қарама-қайшылыққа назар аудартып, сапалы білім – елдің болашағына ең үлкен инвестиция екенін атап өтті. Оның пікірінше, бюджетті үнемдеу ұлттың даму жылдамдығын тежейді.

«Бюджеттің әр теңгесі бала білімін арттыруға бағытталуы қажет. Ал егер “талдау” мен “кеңес” деген сөзбен қаржы босқа шашылса, ертең кім жауап береді?» – деді депутат.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button