Жаңалықтар

«Отбасы банк» салымшыларға сыйақыны өз қаражаты есебінен төлейді – Такиев

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында қаржы министрі Мәди Такиев үкіметтің «Отбасы банк» салымшыларына берілетін сыйақы төлеміне қатысты жаңа шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлады qandastar.kz.

«Сыйақыны қаржыландыру «Отбасы банктің» өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Осылайша, бюджетке түсетін жүктемені азайтамыз. Ал салымшылар үшін ештеңе өзгермейді – бұл сол бұрынғы қаражат», – деді министр.

Такиевтің айтуынша, соңғы 12 жылда «Отбасы банк» бағдарламаларына бюджеттен шамамен 900 млрд теңге бөлінген, ал қазіргі үш жылдық бюджетте тағы 200 млрд теңге қарастырылған.

Соның нәтижесінде салымшылар саны 10 есеге артып, бүгінде 2,1 миллион адамға жеткен.

2024 жылдың қорытындысы бойынша банктің таза пайдасы 120 млрд теңгені құраған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button