Қарағандылықтар ерекше мүсіндердің жаңа өңіне наразы, деп жазады qandastar.kz
Мүсін Сортировка вокзалы маңында орнатылған болатын. Алғашында ол бір түсті болып келген. Кейін оған нақты бейне, эмоциялар мен мағына тереңдігі берілген. Алайда соңғы уақытта мүсін қайтадан біркелкі қоңыр-ақ күрең түске боялып, пішіні кейбір тұрғындардың пікірінше, «жағымсыз бейнеге» ұқсап барады.
Қарағандылықтар бұл өзгерістің алдын ала талқыланбағанына, бұрынғы түс гаммасының сақталмағанына ренжіп отыр.
Қаладағы парк басқармасы бұл пікірлерге былай жауап берді:
“Композицияны алтын-қоңыр түске бояу қаламыздағы басқа саябақтар мен қоғамдық орындардағы өнер нысандарына үйлесімділік беру мақсатында жасалды. Бұл қала көрінісінің біркелкілігін қамтамасыз етіп, объектілердің таза әрі ұқыпты сақталуына ықпал етеді. Жаңартулар кейде пікірталас тудыратындығын түсінеміз, – делінген хабарламада.



