Жаңалықтар

Қазақ тіліне қатысты айтқан пікірі үшін бойжеткен сынға қалды

Әлеуметтік желіде көкшетаулық бойжеткеннің қазақ тіліне қатысты айтқан сөзі қызу талқыланды, деп хабарлады qandastar.kz. Видеода ол қазақ тілін үйренуге ниеті жоқ екенін және орыс тілінде сөйлеуді өз таңдауы деп мәлімдеген.

“Маған қазақ тілінің қажеті жоқ. Мен тек орыс тілінде сөйлеймін, бұл – менің құқығым. Ешкім мені қазақ тілін үйренуге мәжбүрлей алмайды”, – дейді ол бейнежазбада.

Кейін бұл жағдайға Ақмола облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, оқиға 2023 жылдың қазан айында болған және бойжеткен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі оның сөзін жеке көзқарас деп бағаласа, екіншілері мемлекеттік тілді менсінбеуді дұрыс емес деп санады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button