Мәжіліс депутаты Қазбек Иса 2023 жылы көтерген Алматы қаласындағы №224 мектептің мәртебесіне қатысты мәселе әлі күнге дейін шешілмей отыр, деп хабарлады qandastar.kz.
Депутаттың айтуынша, мектепті аралас білім беру мекемесіне айналдыруға жол бермеу қажет. Ол бұл мәселені бірнеше рет көтеріп, мемлекеттік тіл мен біртектес білім беру саясатының маңызын атап өткен болатын.
Желі қолданушылары «Жол бермеңдер, керек емес орыс тілі», «Сырт көзбен қызық көрінетін шығар Қазақстан мемлекетінде тұрып, қазақ мектебін ашу үшін күресіп жүрсек», «қорғансыз қазақ», «Жанында үш орыс мектебі тұр, 224 мектеп қазақ мектебі болып ашылсын», «Тіл мәселесі,қазақ тілі мектебі мәселесі талқыланбау керек. Олар қазақша болу керек қай жағынан болсада» деген пікір қалдырды.
Қоғам белсенділері мен ата-аналар да қазақ мектебінің мәртебесін сақтап қалу үшін әрекет етуге шақырып отыр. Олар азаматтарды E-Otinish порталы арқылы тиісті органдарға өз ұстанымдарын білдіруге үндейді.



