Сараптама

Санкция әсері: Қазақстанның мұнайдан түсетін табысы азаюы мүмкін

АҚШ санкциялары салдарынан Қытай компаниялары ресейлік мұнайды сатып алуды тоқтатты.  Қазақстанның мұнай транзитінен түсетін табысы азаюы мүмкін, деп жазады qandastar.kz

АҚШ санкцияларының әсерінен Қытайдың мемлекеттік мұнай компаниялары «Роснефть» пен «Лукойлдан» мұнай сатып алуды уақытша тоқтатты. Бұл туралы «Нефть и газ» телеграм-арнасы хабарлады.

Reuters агенттігі салалық дереккөздерге сүйене отырып, PetroChina, Sinopec, CNOOC және Zhenhua Oil компаниялары ресейлік өндірушілермен жаңа келісімдерге, кем дегенде, қысқа мерзімде барудан бас тартқанын жазады.

«Роснефть» жыл сайын шамамен 10 млн тонна мұнайды Қазақстан аумағы арқылы өтетін «Прииртышск – Атасу – Алашанькоу» мұнай құбырымен транзитпен экспорттайды.

2025 жылдың қыркүйегінде Ресейдің энергетика министрі Сергей Цивилёв «Роснефтьтің» қытайлық серіктестерімен осы жеткізілімдерді жылына 2,5 млн тоннаға арттыру жөнінде келісімге қол қойғанын хабарлаған болатын.

Өткен жылдың қыркүйегінде Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Саткалиев парламентте ресейлік мұнайдың Қытайға Қазақстан арқылы транзитінен жыл сайын шамамен 170 млн доллар табыс түсетінін, ал Павлодар мұнай-химия зауытын тиеу есебінен түсетін қосымша пайдамен бірге бұл сома 180 млн долларға жететінін айтқан еді.

Мамандардың пікірінше, Қытай компанияларының бұл шешімі Қазақстанның мұнай транзитінен түсетін табысына теріс әсер етуі мүмкін.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button