Жаңалықтар

Тоқаев: Елдің тұрақтылығы үшін күшті президенттік жүйе маңызды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында конституцияға енгізілетін өзгерістер тек Парламентке қатысты емес, сонымен қатар Президент пен Үкімет туралы баптарды және саяси жүйенің басқа аспектілерін де қамтитынын айтты, деп жазды qandastar.kz

Мемлекет басшысы бұл реформаларды «қазақстандықтардың тең мүмкіндіктері мен елдің өркендеуіне бағытталған ауқымды жаңғыру кезеңі» деп сипаттады. Ол Парламентті реформалау жөніндегі бастаманы алдын ала жариялаудың елдегі саяси үдерістердің ашық жүріп жатқанын көрсететінін атап өтті.

Президенттің сөзінше, жоспарланған түзетулер Парламенттің құзыреті мен беделін күшейтеді, сондай-ақ 2022 жылғы конституциялық реформа аясында жүргізілген өзгерістерді жалғастырады. Сонымен бірге Қазақстанның күшті президенттік басқару жүйесін сақтауы елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін маңызды екенін айтты.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button