Жаңалықтар

Алматыда автобус аялдамаға соғылып, екі адам жарақат алды

Алматыда қоғамдық автобус аялдамаға соғылып, бірнеше адам зардап шекті, деп жазады qandastar.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Солтүстік айналма жолында болған. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай, аялдамаға соғылып, сол сәтте қоғамдық көлікті күтіп тұрған екі тұрғынды қағып өткен.

Жарақат алғандар дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Қазір тәртіп сақшылары жол апатының нақты себебін анықтап жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button