Қоғам белсендісі Шынар Құрманғали актриса Дариға Бадықованың соңғы фильмін және жалпы қазақстандық кино индустриясын сынға алды деп хабарлайды qandastar.kz
Құрманғалидің айтуынша, фильмде оқиға мен идея жеткіліксіз, тек касса жинауға бағытталған. Ол кино индустриясын «Бизнес по-казахский» стилінде жүргізіп, тек ақшаға қызыққан продюсерлер мен кейбір әншілер мен актерлердің кино түсіруіне наразылық білдірді.
Сонымен қатар, Құрманғали Бадықованың фильмін «халықтың атынан сөйлеуге тырысатын кино емес» деп бағалады және актрисаның енді кино түсіруін тоқтатуы керек деп санайды.
Фильмде көрініс тапқан сюжеттердің қисынсыздығын атап өтіп, Құрманғали бұл тақырыптардың ауыл мен отбасы өмірінде жиі кездесетінін, бірақ оларды киноға айналдырудың қажеті жоқ деп есептейді.



