Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Интеллектуалды орта орысша сөйлейді»: Саясаттанушы қазақ тіліне қатысты шындықты айтты (видео)

Шығыстанушы және халықаралық қатынастар жөніндегі маман Жанат Момынқұлов «QASQA JOL» ютуб бағдарламасына сұхбат берді. Ол әңгіме. барысында қазақ тілі, әлемдік саясат туралы пікір білдірген, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Алдымен сарапшы қазақ тілді ортаны дамытудың маңыздылығына да тоқталды.

«Өзбекстан бір тілді. Олардың сарапшыларын көп көремін. Тек бір тілде пікір білдіреді. Оларда үлкен геосаяи мектеп қалыптасып келе жатыр. Осылай кете беретін болса, алдағы 10 жылда біз өзбектердің сараптамасын тыңдайтын боламыз. Біз қазақ тілінде дамытпайтын болсақ осылай болады. Орыс тілі-Ресейдің ықпал алаңы. Олжас Байділдиновтің мәлімдемесінің өзі үлкен сигнал. Қазақ тілді орта неге дамымай жатыр? Неге қолданбаймыз? Осы нәрсенің өзгергенін қаламайтын секілді біздікілер. Интеллектуалды ортаны қарасаңыз, көбі орысша сөйлейді. Ой, заң орысша жасалады. Бұл отар емес немене? Отардың сарқыншағы. Яғни, тілімізбен де, ойымызбен де әлі отармыз.», — деді Момынқұлов.

Оның сөзінше Қазақстан ОДКБ ұйымына тұтасымен бағынышты елге айналып кеткен.

«Саяси кризистің өзің ОДКБ келіп араласып шешетін жағдайда. Қазір Әзірбайжан Түркияның қолдауына сеніп отыр. Ресейге қатты-қатты сөйлеп отырғанының астарында осы себеп жатыр. Ал біз Орталық Азиядағылар ше? Меніңше, бізге үш-үштен үштік одақтар құру қажет. Бұлар — тепе-теңдікті сақтау үшін. Ресейге қатты тәуелді болмас үшін. Форматын «одақ» деп емес, үштік кездесулер, талқылаулар десе де болады. Бұның өзін жасай алмайтын болсақ онда «қандай деңгейдеміз?» деген сұрақ. Біз бұл жерде біреуге қарсы бірдеңе жасайын деп отырған жоқпыз. Ықпалдасу, кездесу, ақпарат алмасу керек»- деді ол.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button